Кәсіпорын жарғысы
КОМПАНИЯ ҚҰРЫЛЫМЫ

БАСШЫЛЫҚ

 

Исмаилова Айнур Калиевна 

Директордың міндетін атқарушы
Қабылдау күні дүйсенбі 10:00-12:00

 

 

Қазіргі уақытта, әсіресе балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау қажет. Осы орайда тұрғындардың бұқаралық спортты дамытуға қызығушылық танытып, белсене атсалысуы маңызды және спорттық инфрақұрылымды нығайтуға да үлкен көңіл бөліп, ол үшін мемлекет барлық жағдайды жасауы керек.

       Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев


Біз Сіздерге  Қазақстан Республикасының спорт және мәдениет Министрлігінің спорт және дене шынықтыру Коммитетінің "Алатау" Республикалық қысқы спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектебі мемелекеттік қазынашылық кәсіпорынның  сайтына қош келдіңіздер дейміз.

РЖСШМ ең басты атқаратын қызметі 005 "Спорттың жоғарғы деңгейін дамыту" бағдарламасын  мемлекеттің тапсырысы бойынша жүзеге асыру болып табылады.

Аталған бағдарламаның жүзеге асырылып жатқандығының көрсеткіші ретінде спортшыларымыздың халықаралық деңгейдегі түрлі спорттық іс шаралар мен  Олимпиядалык және Азия ойындарындағы спорттык нәтижелердің жоғарғы деңгейдегі көрсеткіштер есептелетін спорттык жарыстарға спорт шеберліктеріне үміткер спортшыларды  ұлттық құрамаға дайындау болып табылады.

Қазіргі тандағы олимпиадалық алаңдарда өнерлерін көрсетіп жүрген кәсіби спортшыларды дайындауға мемлекет  барынша жағдай жасауда. Мектебіміз жоғарғы деңгейге жету үшін спортшыға алғашқы қадамынан бастап қажетті білім мен білікті болуды, өзін-өзі тануға бағыт - бағдар көрсетіп, ынталандырып, жана әдіс тәсілдерді қолдануға жағдай жасайды.

Бәрімізге белгілі қарқынды бұлшық ет жұмыс істеу кезінде әсіресе, биік және орташа климаттық таулы аймақтарда белсенді дене қызметінің адам ағзасына жақсы әсер етеді. Ғалымдардың пайымдауы бойынша аталған климаттық аймақтарда белсенділік пен жұмысқа қабілеттілік арта түседі дейді. Дәлірек айтқанда адам салмағының азаюы және энергетикалық алмасумен айқын көрсетіледі. Таулы аймақтарда адамның денсаулығы жақсарып, спортқа құлшынысы артып гипоксиялық жаттығулар жасауға ықпал етеді.

XIX ғасырда Мехикода өткен олимпиадалық ойындардан кейін спортшылардың оқу-жаттығуларын орташа таулы аймақтарда өткізілуі міндеттелді.  Осы оқу жаттығулар қысқы және жазғы Олимпиядалар мен көптеген әлемдік чемпионаттар, Еуропалық аймақтық және ұлттық біріншіліктерге дайындалуға еңгізілді

Биатлон - шаңғы стадиондар кешені Алматы облысы, Талғар ауданы,  Солдатсай шатқалы Іле Алатауның етегі, Алматы қорығының Қайназар өзенінің сағасында орналасқан. Әуежайға және Алматы қаласына дейін 35-40 шақырым ара қашықтық.  Теңіз деңгейінен 1460м биіктікте. Кешен өзіндік инфрақұрылымы жане автономдық жүйесі бар,  яғни негізі стадиондар алаңы, бірнеше автотұрақ алаңы,  тікушақ ұшып қону алаңы, трассалар жолағы және мергендік ату алаңдары бар.

Аталған кешен қысы - жазы түрлі жарыстар мен оқу жаттығуларды өткізуге арналған бірден бір орын болып табылады.  Жер бедері мен трассаларының жоғарғы деңгейдегі кедергілер өтетін жарыстар мен спортшылардың жаттығу және дайындық жасауға өте ыңғайлы салынған. Трассаларының кешен стандиондарын айнала орналасуына байланысты бір уақытта бірнеше спорт түрлерінен жарыстар өткізуге болады.  Кешен трассасы барлық қысқы жарыстар мен сырғанаудың классикалық үлгісіне дейін ыңғайландырып салынған. Қыс мезгілінде трассаларға жасанды қар төселіп,  жаз маусымында шаңғы-роллерлік трасса ретінде спортшыларға толыққанды жаттығу жасауға жағдай жасалынған. Асфальт бетондалған биатлон кешенінің трассасының ұзындығы 4 шақырым. Шаңғыға арналған жалпы көгалдандырылған жасыл трасса 15 шақырым қашықтық. Кешеннің ен бір ерекшелігі жыл мезгілінің кез келген уақытында жұмыс істейді, түрлі халықаралық дәрежедегі жарыстар мен кәсіби спортшылардың жаттығу жасау,  отбасылық демалыстарды откізуімен ерекшеленді.

Жоғарғы деңгейдегі жарыстар мен кез келген ауа райына қолайлы,кешеннің өзіндік автономдық жүйесі бар. Жарыс кезінде стадион бірнеше қызмет қатар аткара алады: кәсіби спортшылар жаттығу, жасөспірім құрамасын дайындау, спорттық жиындар, корпоративтік түрлі жиындар мен жарыстар. Кешенде қыс мезгілінде шаңғылармен конькилер жалға беріледі, ал жаз мезгілінде ролллерге арналған асфальтталған жолдар, баскетбол және волейбол алаңдары, футбол алаңы, велосипедтерді жалға беру және де спорттық- гимнастикалық қалашықтар жұмыс істейді. Осыдан бөлек кешен аумағында : жаттығу залы және үстел теннисі бар. Стадион ғимаратында 2-3-4 және 6 адамға арналған телевизор, жуынатын бөлмелері бар, жайлы қонақ үй бөлмелері орналасқан.  Жеке сауна қарастырылған. Ғимаратта үй мәзірінің асханасы мен тәтті тоқаштар сататын дәмхана бар. Әуежай-Вокзал-Кешен бағытында жол тасымалы қарастырылған.

Қош келдіңіздер!