25 қыркүйек - жалпыұлттық аза тұту күні
Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. 
TAU JARYS 2026

Қала сыртында табиғат аясында өтетін жүгіру жарысы. Табиғат аясындағы бағыт пен отбасылық қашықтықтар.
Tau Jarys — ойлы-қиырлы жерлерде жүгіруге болатын жыл сайын өтетін табиғат аясындағы жарыс. Ол спорттық жарыс пен қала сыртындағы отбасылық фестиваль форматын ұштастырады. Биыл жүгіру кешкі уақытта өтеді, бұл қашықтықта ерекше атмосфера қалыптастырады.
Күні:
27 маусым 2026
Орны:
Алматы облысы, «Алатау» ШБК
Барлық қашықтықтың сөресі мен мәресі:
«Алатау» ШБК паркі.
Қашықтықтар:
12 км (15 жас және одан жоғары)
6 км (15 жас және одан жоғары)
2 км (10-14 жас)
6 км және 12 км скандинавиялық жүріс (15 жас және одан жоғары).
Қатысу үшін міндетті түрде онлайн-тіркеуден өтіп, сөрелік жарнаны төлеу қажет.
День Победы в Великой Отечественной войне 1941–1945 годов

В Казахстане отмечают День защитника Отечества

Осы бірлік – Қазақстанның басты құндылықтарының бірі

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!
Әз Наурыз келіп, әлемге табиғат жылы шуағын жайыпты.
Күн күліп, адамдар әдемі мейірімге бөленді.
Айдай аялап, күндей күліп келген, үлкен мерекемен құттықтай отырып,
Сіздерге адами бақыт, шығармашылық табыс,
істеріңізге береке, елімізге құт - мереке әкелсін деген ізгі ниетімізді білдіреміз!
Ербол Хамитов Милан–Кортина Паралимпиадасында алтын медаль жеңіп алды

Пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов тамаша нәтиже көрсетіп, Паралимпиада чемпионы атанды.
Бұл – Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік әрі ел спорты тарихындағы жарқын сәттердің бірі.
Отырып жарысу
🥇🇰🇿Ербол Хамитов - 9:39.0
🥈🇺🇦Тарас Радь (2 дүркін Паралимпиада чемпионы) - 10:00.5
🥉🇨🇳Лю Цзысюй (2 дүркін Паралимпиада чемпионы) - 10:11.5
Естеріңізге сала кетейік, Ербол Хамитов үшін бұл — осы Паралимпиададағы екінші медаль. Бұған дейін ол пара шаңғы жарысында қола жүлде иеленген еді.
Хамитовтың алтын медалі Қазақстан үшін қысқы Паралимпиада тарихындағы бесінші жүлде әрі екінші алтын. Сонымен қатар бұл — ел тарихындағы пара биатлоннан алғашқы алтын медаль.
https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1180758?lang=kk
Поздравляем с Международным женским днём 8 Марта!

Милые дамы!
От всей души поздравляем Вас с Международным женским днём 8 Марта!
В этот чудесный день примите самые искренние и тёплые пожелания
любви и счастья, яркого весеннего настроения, доброго здоровья,
успехов во всех начинаниях, мира и благополучия во всём!
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы

https://www.akorda.kz/kz/2026-zhylgy-15-nauryzda-respublikalyk-referendum-otkizu-turaly-1113356
Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін.
2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: «Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.
3. Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.
4. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткiзу Референдумның орталық комиссиясының қызметiн атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелiк комиссияларының қызметiн атқаратын аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларына жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 11 ақпан
№ 1170
Михаил Шайдаров завоевал первую золотую медаль для Казахстана

21-летний фигурист Михаил Шайдаров завоевал первую золотую медаль для Казахстана, сенсационно выиграв произвольную программу в одиночном катании на XXV Зимних Олимпийских играх 2026 года в Италии. По итогам короткой программы в одиночном катании казахстанский фигурист Михаил Шайдаров занимал пятое место с 92.94 баллами, в произвольной программе пошел на усложнение элементов и набрал 198.64 балла, что в общей принесло 291.58 балл и первую золотую медаль Казахстану на зимней Олимпиаде-2026 года.
Второе место и серебряная медаль у 22-летнего японца Юма Кагияма, набравшего 280.06 баллов.
Бронза, также у представителя Японии, 22-летнего Сюн Сато, набравшего 274.90 балла.
https://www.olympics.com/en/milano-cortina-2026/results/athlete-details/28158











