ol241

Корея Республикасында ұйымдастырылатын IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвон провинциясының Каннын қаласында өтеді.

Жарыстың ашылу салтанаты 19 қаңтарда Каннын қаласындағы «Gangneuung Oval» спорт кешенінде өтеді. Бұл нысанда конькимен жүгіру спортынан жарыстар ұйымдастырылады. Ал Олимпиаданың жабылу салтанаты 1 ақпан күні Каннындағы «Gangneung Olympic Park» спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

Канвон-2024 Ойындарына 14 пен 17 жас аралығындағы әлемнің 70 елінен 1800 спортшы қатысады. Мұнда 7 спорт түрінің 15 бағдарламасы  бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

@committee_sport

ol24

Оңтүстік Кореяда төртінші қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының алауы жағылды. Каннын Овал (Gangneung Oval) мұз сарайында 8 мың көрерменнің қатысуымен өткен ашылу салтанаты керемет қойылымдарға толы болды.

Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысу үшін әлемнің 78 мемлекетінен 14 пен 17 жас аралығындағы 1800-ден аса спортшы келді. Канвон провинциясы мұндай ірі көлемдегі жарысты екінші рет қабылдап отыр. Алғашқысы – 2018 жылы Пхенчханда өткен қысқы Олимпиада ойындары.

Канвон-2024 ашылу салтанатының мәдени қойылымдары «Ғалам» тақырыбында өрбіді. Бұл - жастардың шексіз мүмкіндіктерін дәріптейтін тақырып. Жас спортшылардың кейпіне енген қойылым актерлері өз ғарыш әлеміндегі жұлдыздарды зерттеп, жұлдыздарын жағып, жарқырай түсті.

Ашылу салтанатының соңында дәстүрге сай Олимпиада алауы тұтанды. Алаудың сандық нұсқасы Каннын саябағында орналасқан. Бұл жолы Олимпиада алауын жағу құрметі жас фристайлшы, Канвон-2024 Олимпиадасының қатысушысы Чон Мин Лиге берілді.

Огонь четвертых зимних юношеских Олимпийских игр зажжен в южнокорейском Каннын. Церемония открытия сопровождалась красочным представлением, которая прошла в присутствие 8 тысяч зрителей на ледовой арене Каннын Овал (Gangneung Oval).

Для участия в юношеских Олимпийских играх приехало более 1800 участников в возрасте от 14 до 17 лет из 78 страны мира. Провинция Канвон во второй раз принимает соревнования такого масштаба – первыми стали Зимние Олимпийские игры 2018 года в Пхенчхан.

Культурное представление церемонии открытия Канвон 2024 развернулось вокруг темы «Вселенная». Эта тема отражает безграничные возможности для молодежи. Актёры представления, которые олицетворяли юных спортсменов, метафорически взрослели, исследуя звезды и микрокосмос внутри себя, наполняясь сиянием зажигали свои звезды.

Завершением церемонии стало традиционное зажжение Олимпийского факела, а также его цифровой версии в Олимпийском парке в Каннын. В этот раз честь зажечь Олимпийский огонь была доверена юному спортсмену по фристайлу Чон Мин Ли, который является участником Игр Канвон 2024.

@gangwon2024 @turizm_sport_ministrligi @drs_kz

olymp

Төрт жылдықтың басты жарысы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Канвон провинциясының Каннын қаласында өтеді.

Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы спорттың 5 түрінен бақ сынап, 55 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қысқы Ойындарда ел намысын 42 спортшы биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарысы, трамплиннен секіру, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, фристайл могул және шайбалы хоккей спорт түрлерінен қорғайды.

19шы қаңтарда өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты рәсімінде Еліміздің байрағын шорт-тректен ел чемпионы, спорт шеберіне үміткер Ерасыл Шыңғысхан және конькимен жүгіру спортынан ҚР спорт шебері, сондай-ақ ел біріншілігінің жеңімпазы Кристина Шумекова алып шығады.

Спортшыларымызға сәттілік тілеп, бірге қолдау білдірейік!

@turizm_sport_ministrligi

@committee_sport

@olympickz

tkv

Биыл еліміз үшін нағыз спорт жылы болмақ. Өйткені жыл басы жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасынан басталып, Париждегі жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарымен жалғасады.

Жылдың маңызды шараларының бірі күзде елордада

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұйымдастырылмақ. Осы ауқымды іс-шара арқылы біз көшпелілер тарихын жас ұрпаққа насихаттаймыз. Ежелгі дәстүрлерді жаңғырту арқылы адам мен табиғат арасындағы байланысқа жаңа серпін береміз. Президентіміз «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында бұл жарыстың маңыздылығына айрықша тоқталған еді.

@turizm_sport_ministrligi

@committee_sport

muxin

Германияның Оберхов қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогының төртінші кезеңінде биатлоннан 12,5 км із кесу сайысы өз мәресіне жетті. Бұл бәсекеге құрама сапынан спринтте үздік 60-қа енген Александр Мухин мен Владислав Киреев жолдама алған болатын.

Александр Мухин жеңімпаздан +2:58.7 уақытқа есе жіберіп, бәсекені 28-ші болып аяқтады. Ал Владислав Киреев +7:45.1 уақыт айырмашылықпен 56-шы орынға тұрақтады.

Алғашқы болып мәре сызығына норвегиялықтар жетті. Бірінші орынды Эндре Стрёмсхейм иеленді. Екінші орынға Стурла Холм Легрейд, үшінші орынға Йоханнес Дале жайғасты.

1. Эндре Стрёмсхейм -33:04.2 (0+0+0+2)

2. Стурла Холм Легрейд-+17.8 (0+1+1+0)

3. Йоханнес Дале -+36.4 (1+0+0+0)

28. Александр Мухин-+2:58.7 (3+0+0+1)

56. Владислав Киреев-+7:45.1 (2+4+1+1)

_____

Александр Мухин вошел в тридцатку лучших в пасьюте на этапе Кубка Мира

В немецком Оберхове состоялась гонка преследования на 12,5 км с четырьмя огневыми рубежами.Казахстан на гонке представляли Александр Мухин и Владислав Киреев, двое наших спортсменов, вошедших в топ-60 в спринтерском зачете от сборной страны.

Александр Мухин завершил гонку 28-ым. Он отстал от победителя на +2:58.7 К финишу Владислав Киреев пришел 56-м, с разницей от лидера гонки в +7:45.1.

Лидерами пасьюта стали норвежцы. Первым на финише был Эндре Стрёмсхейм. Второй результат — у Стурла Холм Легрейд. Третьим стал Йоханнес Дале.

1. Эндре Стрёмсхейм -33:04.2 (0+0+0+2)

2. Стурла Холм Легрейд-+17.8 (0+1+1+0)

3. Йоханнес Дале -+36.4 (1+0+0+0)

28. Александр Мухин-+2:58.7 (3+0+0+1)

56. Владислав Киреев-+7:45.1 (2+4+1+1)

ober24

Германияның Оберхоф қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогының төртінші кезеңінде биатлоннан 10 км қашықтыққа спринт сайысы өз мәресіне жетті. Аталған жарыста қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин мен Владислав Киреев үздік отыз спортшының қатарына енді, деп хабарлайды Қазақстан Биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі.

Александр мәреге 16-шы болып жетті, ол жеңімпаздан небәрі 1:06.8 уақытқа есе жіберді. Айта кетейік, бұл оның ең үздік көрсеткіші. Владислав Киреев 29-шы болып жарысты аяқтады. Ол нысанаға дәл тигізіп, +1:44.6 уақыттан кейін үздіктер қатарына енді. Аталған жарыста ұлттық құрама сапында Асет Дюсенов те өнер көрсетті. Ол 71-ші болып,жеңімпаздан +3:07.9 уақыттан кейін жарысты аяқтады.

Алғашқы болып жеңіс тұғырына неміс спортшысы Бенедикт Долл (24:12.2) жетті. Екінші орынға норвегиялық спортшы Стурла Легрейд (+1., үшінші орынға тағы бір норвегиялық спортшы Эндре Стремсхайм жайғасты(+5.4).

Спортшыларымызды және жаттықтырушылар мен биатлон жанкүйерлерін жылдың алғашқы үздік нәтижесімен құттықтаймыз!

Алға, Қазақстан!

____

 Александр Мухин и Владислав Киреев попали в тридцатку лучших на этапе Кубка Мира

В немецком Оберхофе в рамках четвертого этапа Кубка Мира по биатлону прошла мужская спринтерская гонка на 10 км, в которой Александр Мухин и Владислав Киреев попали в топ-30, сообщает пресс-служба Союза Биатлонистов Казахстана.

Александр Мухин завершил дистанцию 16-м, уступив победителю всего на +1:06.8. Отметим, что это его лучший результат в личных гонках. Владислав Киреев финишировал 29-м (+1:44.6) и отстрелял без промахов. Также в составе национальной сборной в спринте выступал Асет Дюсенов. Он финишировал 71-м, отстав от победителя на +3:07.9.

Чемпионом же стал немецкий биатлонист Бенедикт Долль (24:12.2), второе место досталось норвежцу Стурле Легрейд (+1.. Тройку лучших замкнул еще один норвежец Эндре Стремсхайм (+5.4).

 Поздравляем @mukhin_aa , всех тренеров и фанатов биатлона с успешным началом года!

ger24

Төртінші кезең қаңтар айының 4-7 аралығында өтеді. Жарыстың алғашқы күндері ерлер арасында 10 км қашықтыққа, ал айелдер арасында 7,5 км-ге спринт сайысы басталады. 6 желтоқсан күні қос із кесу сайыстары өтсе, жарыстың соңғы күні биатлоншылар эстафетада бақ сынайды.

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

Стартует четвертый этап Кубка мира по биатлону, который пройдёт в Оберхофе, Германия.

Четвертый этап пройдёт с 4 по 7 января. В первые дни соревнований состоятся мужская спринтерская гонка на 10 км и женская на 7,5 км.

6 декабря пройдут две гонки преследования. 7 декабря, в крайний день этапа мужчины и женщины будут соревноваться в эстафетах.

Желаем нашим биатлонистам удачи!

ita24

04-07 қаңтар аралығында өтетін жаңа кезеңнің алғашқы жарыс күні биатлоншылар ерлер арасында 15 км, әйелдер 12,5 км қашықтықта жеке жарысқа қатысады. 6 қаңтар күні ерлер 10 км, әйелдер 7,5 км спринтте бақ сынайды. Бәсекенің соңғы күні 12,5 және 10 км қашықтыққа із кесу сайысымен аяқталады.

Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында ерлер арасында Қуандық Ержанат, Тұрлыбеков Бекентай, Дарьин Иван, Бауэр Кирилл, ал әйелдер құрамасында Полторанина Ольга,Скрипкина Алина, Титиевская Кристина, Генева Милана ел намысын қорғайды.

Биатлоншыларымызға сәттілік тілейміз!

В итальянском Мартелл-Валь-Мартелло стартует четвертый этап Кубка IBU по биатлону

Четвертый этап пройдёт с 4 по 7 января. В первые дни соревнований состоятся индивидуальная мужская гонка на 15 км и женская на 12,5 км.

6 декабря пройдут спринтерские гонки на 10 и 7,5 км. 7 декабря, в крайний день этапа мужчины и женщины будут соревноваться в гонке преследования на 12,5 и 10 км.

На этих соревнованиях Казахстан будут представлять Куандык Ержанат, Турлубеков Бекентай, Дарьин Иван, Бауэр Кирилл, Полторанина Ольга,Скрипкина Алина, Титиевская Кристина и Генева Милана.

Желаем нашим биатлонистам удачи!

223

Щучинск қаласында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан ҚР Кубогы өз мәресіне жетті. Қос кезең нәтижесі бойынша жасөспірімдер олимпиадасына қатысушылар анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі.

Олимпиадаға жолдаманы жасөспірім ұлдар арасында Ілияс Хасенов, Зотов Кирилл, Редькин Антон, ал қыздар арасында Карабаева Алема, Воробьева Мария және Рыбалкина Эвелина иеленді.

Екінші жарыс күнінің нәтижесі бойынша ерлер құрамасы 10 шақырым қашықтықта бақ сынап, арасынан Сирик Сергей 29:39.6 уақытта топ жарды. Екінші болып мәреге 30:05.6 уақытта Башкиров Антон, одан кейін 30:17.1 уақытта Бирюков Александр жетті.

Әйелдер арасында 7,5 км қашықтықта Климина Дарья көш бастады. Ол мәреге 22:16.2 уақытта жетсе, одан +28.2 сеундқа кешігіп, екінші болып Вишневская-Шепоренко Галина 22:44.4 уақытта жетті. Үздік үштікті Пивоварова Надежда 25:08.9 уақытта аяқтады.

Жасөспірімдер арасынан 10 км шақырымда

Куралес Вадим (26:39.9 секунд) бірінші орынға, Афанасьев Артем (27:33.5 секунд) екінші, ал Каданцев Артур (27:46.2 секунд) үшінші орынды иеленді.

Жасөспірім қыздар арасында алматылық Яна Чупик 25:12.1 уақытта жеңіске жетсе, Ардалионова Ульяна 25:27.2 уақытта екінші, Карабаева Алема 25:55.2 көрсеткішпен үшінші болып жарысты аяқтады.

Желтоқсан айының 21-24 аралығында өткен Биатлоннан ҚР Кубогының екінші кезеңінде Абай, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының өкілдері бақ сынап, жалпы саны 100 ден астам спортшы өнер көрсетті.

Айта кетейік, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтеді.

Олимпиадаға әлемнің 70 елінен келетін 1800 спортшы қатысады деп күтілуде. Жасөспірімдер Олимпиадасы осымен төртінші рет өткелі отыр.

Завершился Кубок РК по биатлону, по итогам двух этапов состоялся отбор атлетов на участие в Юношеских Олимпийских играх, сообщает пресс-служба Союза биатлонистов Казахстана.

Путевки на олимпиаду среди юношей завоевали Хасенов Ильяс, Зотов Кирилл и Редькин Антон. Среди девушек в Южную Корею отправятся Алема Карабаева, Воробьева Мария и Мезенцева Евелина.

По итогам второго дня соревнований мужчины выступили на дистанции 10 км, лидером стал Сирик Сергей из Северо-Казахстанской области. Он добрался до финиша за 29:39.6, Башкиров Антон финишировал вторым за 30:05.6, за ним следует Бирюков Александр с результатом 30:17.1.

Климина Дарья лидировала среди женщин на дистанции 7,5 км. К финишу она добралась за 22:16.2, спустя +28.2 секунды Вишневская-Шепоренко Галина стала второй с результатом 22:44.4. Пивоварова Надежда закрывает тройку лидеров с результатом 25:08.9.

Среди юниоров Куралес Вадим возглавил группу с результатом 26:39.9 на дистанции 10 километров, Афанасьев Артем отстал на +53.6 секунды и стал вторым с результатом 27:33.5, а закрывает тройку лидеров Каданцев Артур с результатом 27:46.2

Среди юниорок Яна Чупик из Алматинской области победила с результатом 25:12.1, Ардалионова Ульяна финишировала второй с результатом 25:27.2, а Карабаева Алема финишировала третьей с результатом 25:55.2

Юношеские Олимпийские игры - престижные соревнования, в которых принимают участие спортсмены из более чем 200 стран мира в возрасте 15-18 лет. IV зимние Юношеские Олимпийские игры пройдут 19 января - 2 февраля в Южной Корее. Эта Олимпиада станет первой, проведенной на территории Азии.

123
ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫ БОЙЫНША ШЫҒЫС ЕУРОПА КУБОГЫ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ӨТЕДІ
Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығында 20-26 Желтоқсанда шаңғы жарысы бойынша Шығыс Еуропа Кубогының (FIS) II кезеңі өтеді. Спорттық іс-шара аясында спринт, жеке жарыстар және масс-старт өтеді. Шаңғы жарысы бойынша ҚР жасөспірімдер құрамасының спортшылары үшін Шығыс Еуропа Кубогының жарыстары 2024 жылғы қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысуға іріктеу турларының бірі болады. 
В Центре олимпийской подготовки по зимним видам спорта 20-26 декабря пройдет II этап Кубка Восточной Европы (FIS) по лыжным гонкам. В рамках спортивного мероприятия спортсмены выступят в спринтах, индивидуальных гонках и масс-старте. ПРОГРАММА СОРЕВНОВАНИЙ 20.12. офиц.тренировка 21.12. инд. спринт св.х. 1,4 км FIS 22.12. офиц.тренировка 23.12. масс-старт св.х. 20 км FIS 25.12 гонка кл.х. 10 км FIS 26.12. гонка св.х. 10/15 км Соревнования Кубка Восточной Европы для спортсменов юношеской сборной РК по лыжным гонкам станут отборочным туром для участия в зимней юношеской Олимпиаде-2024.