Алматинская обл., Талгарский р/н, Солдатское ущелье, ул. Алматы, 180
8 (727) 307-48-08

вак


Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
1. Орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:
«Алатау» қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны мына мекен-жайда орналасқан: Алматы облысы, Талғар ауданы, Алатау ауылдық округі, Береке ауылы, Алматы көшесі, 180 ғимарат. 041622 пошта индексі, 8(727) 305-58-00.
Кәсіпорынның қызметінің мәні: спорт саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты Халықаралық деңгейдегі жоғары білікті спортшыларды, қысқы Олимпиада және Азия ойындарының бағдарламаларына енгізілген қысқы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларына кандидаттарды даярлау, бұқаралық дене шынықтыру және спорт қозғалысын дамыту үшін спорттық ғимараттар мен жабдықтарды пайдалану, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының спорттық резерві мен штаттық құрама командаларынын жыл бойы орталықтандырылған даярлауды ұйымдастыру және өткізу және дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен халыққа қызмет көрсету болып табылады.
2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
кадрларды даярлау бағыттарының бірі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар;
республикалық заңды тұлғалар үшін – дене шынықтыру және спорт саласында немесе дене шынықтыру және спорт саласында басшы лауазымдарда кемінде бес жыл, немесе Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдар үшін кемінде бес жыл, немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына сәйкес шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмыс органымен (бұдан әрі - Жұмыс органы) бекітілген шетелдік жоғары оқу орындарындағы басым мамандықтар бойынша немесе Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін басшылық лауазымдарда және «Дене шынықтыру және спорт», «Бизнес, басқару және құқық» мамандықтары бойынша педагогикалық ғылымдар кадрларын даярлау бағыттарының бірі бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін кемінде төрт жыл.
3. Лауазымдық міндеттері:
дене шынықтыру-спорт ұйымының өндірістік, әкімшілік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданған шешімдердің орындалуын, дене шынықтыру-спорт ұйымының балансындағы мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын, сондай-ақ оның қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелерін қамтамасыз етеді;
дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің саясатын, стратегиясын және оларды жүзеге асыру тетігін айқындайды;
оқу-жаттығу және тәрбиелік процестерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді;
педагогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;
дене шынықтыру-спорт ұйымының жұмыс жоспарын, спортты жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламаларын бекітеді;
барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды;
жаттықтырушылар, жаттықтырушы-оқытушылар, нұсқаушылар және әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметінің жекелеген бағыттарын басқаруды лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жүктейді;
қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан босату туралы шешімдер қабылдайды, штаттық кестені, дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен дене шынықтыру-спорт ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды;
тиісті саланың уәкілетті органдарына дене шынықтыру-спорт ұйымының әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады;
дене шынықтыру-спорт ұйымының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, өнім берушілер, тапсырыс берушілер мен банктерді қоса алғанда кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің, сондай-ақ шаруашылық және еңбек шарттарының (келісімшарттардың) орындалуын қамтамасыз етеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастырады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қабылдауда дербес жауапкершілікте болады;
спортшылар арасында және дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұжымдарында діни экстремизм мен терроризмнің таралуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
4. Білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі;
«Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі»;
«Мемлекеттік құпиялар туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы », «Білім туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Қазақстан Республикасының заңдары;
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы;
педагогика, психология және физиология негіздері;
дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді;
еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын.
5. Байқауға қатысуға үміткер тұлға байқау өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) үміткерлер еркін нысанда ресімделген қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемені қоса бере отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысу туралы өтінішті talapker.e-qazyna.kz веб-порталына береді.
Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер тұлға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау talapker.e-qazyna.kz. веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
6. Конкурстың өткізілетін күні мен орны:
Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, онлайн форматында.
Конкурс қатысушыларына әңгімелесу өткізу күні қосымша хабарланады.
Толық ақпаратты +7 (7172) 74-06-20, 74-02-52 телефондары бойынша алуға болады.