Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту мәселелері бойынша заң жобасын әзірледі
Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.
Қазіргі уақытта еліміздегі жергілікті, өңірлік және республикалық спорт федерациялары жеке субъектілер ретінде әрекет етеді және бір-біріне бағынбайды. Бұл жағдай спортты дамытудағы тәуелсіз саясат жүргізуге, мүдделер қақтығысына және жауапкершіліктің бұлыңғырлығына әкеп соғуда, нәтижесінде спорттың дамуы баяулап отыр.
Ұсынылып отырған жаңа модель жергілікті федерациялардың аккредиттелген республикалық (немесе өңірлік) спорт федерацияларына бағынышты болуын көздейді. Бұл өзгеріс спортты дамыту саласындағы басқаруды орталықтандыруды, тиімділікті арттыруды және жауапкершілікті айқындауды мақсат етеді.
«Бұл заң жобасы спорт саласындағы басқару жүйесін ретке келтіріп, еліміздегі спортты дамытуға жаңа серпін береді деп сенеміз. Біз әртүрлі деңгейдегі федерациялардың үйлесімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасауға тырысамыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.
Құжат қабылданған жағдайда, спорт федерациялары арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін жүйе құрылып, спортты дамытуға бағытталған тиімді саясатты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
@turizm_sport_ministrligi
Министерство туризма и спорта подготовило проект закона по вопросам развития спорта
Министерство туризма и спорта подготовило проект закона «Внесение изменений и дополнений в некоторые законодательные акты РК по физической подготовке и спорту, а также недопущение чрезмерного (чрезмерного) законодательного регулирования норм».
В настоящее время местные, областные и национальные спортивные федерации страны выступают как индивидуальные субъекты и не подчиняются друг другу. Такая ситуация приводит к независимой политике в развитии спорта, конфликту интересов и размытию ответственности, что приводит к замедлению развития спорта.
Предлагаемая новая модель призвана сделать местные федерации подчиненными аккредитованным республиканским (или региональным) спортивным федерациям. Изменение направлено на централизацию управления в развитии спорта, повышение эффективности и прояснение ответственности.
«Мы верим, что этот законопроект регулирует систему управления в спорте и придаст новый импульс развитию спорта в стране. ""Мы постараемся создать условия для сотрудничества федераций на разных уровнях", - сказал министр туризма и спорта Ербол Мырзабосынов.
Если документ будет принят, будет создана система, регулирующая отношения между спортивными федерациями и позволит выработать эффективную политику, направленную на развитие спорта.
@turizm_sport_ministrligi