Алматы облысы, Талғар ауданы , Солдатсай шатқалы, Алматы көш., 180
8 (727) 305-58-00

krykovaegorova

Топ-20: Биатлоннан әйелдер құрамасы алдағы қысқы маусымға 3 квота жеңіп алды

Бүгін Канаданың Канмор қаласында Әлем Кубогының соңғы кезеңінде биатлоннан әйелдер арасындағы спринт жарысы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Қазақстан Биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Арина Крюкова пен Полина Егорова өнер көрсетті. Барлығы 93 қатысушының арасынан Арина мәреге 64-ші, ал Полина 82-ші болып жетті.

Айта кетейік, әйелдер құрамасы өткен маусымды 2 квотамен аяқтағанына қарамастан, Ұлттар Кубогында 20-шы орынға тұрақтады. Бұл былтырғы жылғы нәтижемен салыстырғанда 5 саты жоғары көрсеткіш. Енді команда алдағы қысқы маусымға үш квотаға ие болып, 3 қызымыз ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Биатлоннан қазіргі әйелдер құрамасының жартылай юниорлармен жаңадан жасақталғанын ескерсек, бұл көрсеткіш көңіл көншітеді. Осы орайда, барлық команданың, жаттықтырушылар құрамын, әсіресе әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы Владимир Борисович Королькевичтің еңбегін атап өткен жөн.

Жарайсыңдар, қыздар! Алға, Қазақстан!

---

Топ-20: Женская сборная Казахстана завоевала 3 квоты на предстоящий зимний сезон биатлонных соревнований

Сегодня на заключительном этапе Кубка Мира по биатлону в канадском Канморе прошли спринтерские гонки среди женщин, сообщает пресс-служба Союза Биатлонистов Казахстана.

Казахстан был представлен Ариной Крюковой и Полиной Егоровой.

Арина Крюкова завершила гонку на 64-й позиции из 93 участниц, а Полина Егорова финишировала 82-й.

Следует отметить, что несмотря на старт с квотой на две участницы, женская сборная по биатлону заняла 20-е место в Кубке нации,что позволяет нам располагать тремя квотами на предстоящий зимний сезон. Напоминаем, что в прошлом году команда занимала 25-е место, что свидетельствует о подъеме на 5 позиций.

Учитывая молодой состав женской сборной, включающий в себя полу-юниоров, этот результат является весьма впечатляющим.

Важно отметить труд всей команды,всего тренерского штаба, особенно нового старшего тренера женской сборной, Владимира Борисовича Королькевича.Поздравляем команду и желаем удачи на оставшихся гонках!