Алматы облысы, Талғар ауданы , Солдатсай шатқалы, Алматы көш., 180
8 (727) 305-58-00

bia24

Алғаш рет отандық биатлон тарихында ұлттық құрама Әлем чемпионатында үздік ондыққа енді, деп хабарлайды Қазақстан Биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі.

7-18 ақпан аралығындаЧехияның Нове-Место қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде биатлоннан ерлер құрамасы эстафета бойынша үздік ондыққа енді.

Бұл жарыста ел намысын Александр Мухин, Владислав Киреев, Асет Дюсенов және Никита Акимов қорғады.

Жарыс алаңына алғаш болып Александр Мухин шықты. Ол барлық нысанаға дәл тигізіп, жеңімпаздан +0.9 секунд айырмашылықпен эстафетаны үздік үштіктің қатарында Владислав Киреевке тапсырды.

Владислав Киреев алғашқы жатып ату кезеңінде 3 қосымша оқтың көмегімен, ал тұрып ату кезінде бірден барлық межеге дөп тигізді. Ол эстафетаны Асет Дюсеновке үздік төрттіктің қатарында тапсырды.

Жарыс алаңына шыққан Асет Дюсенов бірінші айналымда 2 оғы қиыс кетіп, қосымша оқтың көмегімен барлық нысананы жапса, екінші айналымда мергендік танытып, таза атты. Дюсеновтен кейін бәсекені алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысушы Никита Акимов жалғастырды. Ол бірінші айналымда 3 қосымша, екінші айналымда 2 қосымша оқ пайдаланып, команданы үздік ондықтан түсірмеді.

Осылайша, жылдың басты старты өз мәресіне жетті.

Ерлер құрамасын және барлық жаттықтырушыларды айтулы жетістікпен құттықтаймыз!

Жарайсыңдар, жігіттер!

Алға, Қазақстан!