
Пара биатлоннан 4,5 км қашықтықтағы із қуу дисциплинасында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов тамаша нәтиже көрсетіп, Паралимпиада чемпионы атанды.
Бұл – Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік әрі ел спорты тарихындағы жарқын сәттердің бірі.
Отырып жарысу
🥇🇰🇿Ербол Хамитов - 9:39.0
🥈🇺🇦Тарас Радь (2 дүркін Паралимпиада чемпионы) - 10:00.5
🥉🇨🇳Лю Цзысюй (2 дүркін Паралимпиада чемпионы) - 10:11.5
Естеріңізге сала кетейік, Ербол Хамитов үшін бұл — осы Паралимпиададағы екінші медаль. Бұған дейін ол пара шаңғы жарысында қола жүлде иеленген еді.
Хамитовтың алтын медалі Қазақстан үшін қысқы Паралимпиада тарихындағы бесінші жүлде әрі екінші алтын. Сонымен қатар бұл — ел тарихындағы пара биатлоннан алғашқы алтын медаль.
https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1180758?lang=kk










