Алматы облысы, Талғар ауданы , Солдатсай шатқалы, Алматы көш., 180
8 (727) 305-58-00

tkv

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады.

«Баршаңызға белгілі, қазір елімізде күрделі жағдай қалыптасып отыр. Қардың күрт еруіне байланысты аймақтарда су тасқыны болып жатыр. Бұл – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады», – деді Президент.

Сонымен қатар тасқынға байланысты еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланғанын, осы орайда Премьер-Министрдің басшылығымен Республикалық штаб құрылғанын, тілсіз жаудан зардап шеккен барша отандастарымызға матералдық және барлық қажетті көмектер көрсетілетінін айтты.

«Менің бұйрығыммен апатқа қарсы күреске Қорғаныс министрлігі қосымша әскери күштерін жолдайды. Халыққа көмектесу үшін Үкіметке мемлекеттік материалдық резервті пайдалануды тапсырамын. Сондай-ақ Үкімет шығындарды өтеудің тиімді жолдарын шұғыл қарастыруға тиіс. Оны зардап шеккен азаматтарға жан-жақты түсіндіру керек. Берілетін өтемақы шығынды толық жабуы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

“Алатау” ҚСТБ РЖСШМ директоры Сейілхан Бақтығалиұлы және ұжым табиғи апаттан зардап шеккен Отандастарымызға күшіміз бірлікте екенін айтқымыз келеді. Біз сіздермен біргеміз.

#күшіміз_бірлікте #үндеу

@turizm_sport_ministrligi

@sport_comiteti