Алматы облысы, Талғар ауданы , Солдатсай шатқалы, Алматы көш., 180
8 (727) 307-48-08

Құттықтаймын қазағым,

Республика күнімен.

Бар ғаламға танылсын,

Əнұраным үнімен.

Азаттықтың көк туы,

Желбіресін көгімде.

Бар жақсылық орнасын,

Егеменді елімде...

Өткен жылдың шілдесінде Президент ҚасымЖомарт Тоқаев 25 қазан – Республика күнін қайтаруды ұсынып, оған «ұлттық мейрам» мəртебесін беру қажет екендігін мəлімдеген-ді.

«Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының ең маңыздысы. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек», - деген болатын Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.

Президент тапсырмасы көп ұзамай орындалды. Парламент заң қабылдап, Тоқаев оған қол қойды. Осылайша, 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні болып қайтадан белгіленді. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып өзгерді. Айта кетерлігі, заңға енгізілген соңғы  өзгерістерге сәйкес, Республика күні – елдегі жалғыз ұлттық мейрам.

Қазақстан өткен жылы 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күнін тойлады. Бұл күн мереке қатарынан алынып тасталғанымен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны қайтадан атаулы күндердің бірі етіп бекітті. Мереке тарихына үңілсек, алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы қазанда жарияланды. Бұл Жарлыққа Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған.

25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің No307-XII жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын. Декларацияда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының егемендігі жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды.

Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Ал 2009 жылы аталған заңға өзгерістер енгізілді. Сөйтіп, 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні, ұлттық мереке болып жария етілді. Ал Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды және бұл әдеттегі жұмыс күніне айналды. Ал, өткен жылдан бері бұл мерекені Қазақстан халқы ерекше атап өтуде.

https://www.gov.kz/org/aqmola-selinograd/press/news/details/639073?lang=kk

▲