Алматы облысы, Талғар ауданы , Солдатсай шатқалы, Алматы көш., 180
8 (727) 305-58-00

nikisha

Қазақстан ҰОК басшысы Геннадий Головкин қазақстандық шорт-трекші Денис Никишаны Роттердамда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы тарихи жетістігімен құттықтады 

«Шорт-тректен әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи медаль жеңіп алғаныңызбен Сізді және бапкерлеріңізді шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жеңіс көк мұздағы ұзақ жылдар бойғы еңбектің, төзім мен тәртіптің жемісі. Болашақта бұдан да биік нәтиже көрсетіп, қазақстандық жанкүйерлерді қуанта беруіңізге тілектеспін!», - деді ҰОК президенті.

Айта кетейік, шорт-тректен Қазақстан құрамасының үздігі Денис Никиша әлемдік сында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, аталған спорт түрінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде тіркелді. 2023 жылы Денис 500 метрлік қашықтықта ISU әлемдік рейтингінің көшін бастап, жалпы есепте топ жарған болатын.

Сондай-ақ, Денис Никиша жасөспірім ұлдар арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған жалғыз қазақстандық спортшы. Ол 2014 және 2015 жылдары үшінші орыннан көрінді. 2014 жылғы әлемдік сында 500 метрге жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын орнатқанын да айта кету керек.

@turizm_sport_ministrligi

@sport_comiteti

@nikishadenis

#Repost @olympickz